Уақытша болатын елдердегі туристер үшін туристік карталар шығаруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету шартының жария офертасы
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы құжат «Ster» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі мәтін бойынша «Орындаушы»деп аталатын) осы құжатта айқындалған шарттармен барлық мүдделі жеке тұлғаларға жолданған жария офертасы болып табылады.
1.2. Осы офертаның акцепті Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 395-бабына сәйкес жүргізіледі және жазбаша түрде өтеулі қызметтер көрсету шартын жасасуға, яғни ұсыныс жасайтын адамның офертаны акцепт жасаған кез келген жеке тұлғамен көрсетілген талаптармен шарт жасасуға еркі көрінетін барлық елеулі талаптарды қамтитын ұсынысқа тең болады.
1.3. Осы оферта Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленді және «Ster» мобильді қосымшасында және (немесе) Орындаушының: https://ster.me ресми сайтында танысу үшін барлық адамдарға қолжетімді және ол тек осы мобильді қосымшаны қолдана отырып офертаны қабылдау кезінде пайдаланылады.
1.4. Орындаушының қызмет көрсетуі Пайдаланушы үшін дербес болып табылады, Пайдаланушы өз құқықтарын үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес.
1.5. Пайдаланушы осы Шарттың қандай да бір ережесімен келіспеген жағдайда, Пайдаланушының Сервисті пайдалануға құқығы жоқ.
2. Терминдер мен анықтамалар
2.1. Осы құжатта, егер мәтіннен тікелей өзгеше туындамаса, келесі терминдердің төменде көрсетілген мағыналары болады: Туристік карта – Пайдаланушы уақытша болатын елдердің аумағында тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге ақы төлеу мақсатында төлемдерді жүзеге асыру үшін серіктес банк шығарған, алдын ала төленген дебеттік банктік виртуалды карта. Шарт – осы Шарттың 3.3-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасау арқылы, осы жария офертаның толық және сөзсіз акцепті (шарттарды қабылдау) нәтижесінде жасалған, осы өтеулі қызметтер көрсету шарты. Орындаушы – «Ster» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, мекенжайы бойынша орналасқан, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, БСН: 221140053854, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға. Сәйкестендіру – мобильді қосымшадағы Жеке Кабинетте (Пайдаланушының есептік жазбасына адамның кіруі) авторизация көмегімен Пайдаланушының жеке басын анықтау. Жеке Кабинет – Пайдаланушы және оның әрекеттері туралы деректерді қамтитын Мобильді Қосымшада тіркеуден және/немесе авторизациядан өткеннен кейін Пайдаланушы қол жеткізе алатын Мобильді Қосымшаның дербес бөлімі. Мобильді Қосымша – «Ster» деп аталатын мобильді қосымша, бұл Apple App Store және Google Play Market қолданба дүкендерінде қолжетімді, ұялы телефонға орнатылған, Android немесе iOS смартфондарында жұмыс істейтін және / немесе мобильді қосымшаны орнатуды қолдайтын өзге құрылғы. Пайдаланушы – 18 жасқа толған, осы офертаның шарттарын толық және сөзсіз қабылдаған, Мобильді Қосымшада тіркелген және оның негізінде Сервисті пайдаланатын, кез келген әрекетке қабілетті жеке тұлға. Сервис – шетелдік туристерге барған елде жол жүру билеттерін, қонақүйлерді, таксилерді, мейрамханаларды, экскурсияларды төлеуге, сондай-ақ дүкендерде де, Интернет желісіндеде тауарлар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға көмектесетін, саяхаттарда Туристік картаны беру қызметін көрсету бойынша «Ster» сервисі. Қолдау қызметі – күн сайын және тәулік бойы келіп түскен өтінімдерді бақылайтын және өңдейтін және пайдаланушымен support@ster.me электрондық пошта немесе Intercom қызметі арқылы кері байланысты қолдайтын, Орындаушы қызметкерлері қатарынан тиісті бөлімше. Сайт – Орындаушының интернет-ресурсы, яғни аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге де түрде берілген, https://ster.me бірегей желілік мекенжайы бар және Интернет желісінде пайдаланылатын ақпарат. Хабарлама – Орындаушы Пайдаланушының жеке кабинетіне, сондай-ақ мобильді құрылғыға PUSH-хабарлама түрінде жіберетін электрондық хабарлама. Хабарлама пайдаланушы оны Жеке Кабинетке немесе мобильді құрылғыға жеткізген күні алған болып есептеледі. Орындаушы Пайдаланушының Хабарламалармен уақытылы таныспауына байланысты кез келген жағымсыз салдар үшін жауап бермейді. Қызметтер – виртуалды картаны шығаруды ұйымдастыруды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, Сервиске қолжетімділікті ұсыну, Сервистің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және т. б. Есептік деректер – Мобильді Қосымшада Тіркелу процесінде Пайдаланушы өз бетінше жасайтын немесе Пайдаланушы Мобильді Қосымшада авторизацияланғаннан кейін Жеке кабинетке кіру үшін пайдаланылатын жеке кабинет арқылы одан әрі өзгертілген бірегей логин (телефон нөмірі) және құпиясөз.
3. Шарттың мәні
3.1. Осы Шарттың талаптарына сәйкес Орындаушы Пайдаланушыға Қызмет көрсетуге міндеттенеді, ал Пайдаланушы осы Қызметтерді
3.2. Сервиске қолжетімдік Apple App Store және Google Play Market-пен Мобильді Қосымшаны жүктеу арқылы жүзеге асырылады.
3.3. Пайдаланушы осы Шарттың талаптарын Пайдаланушыны және оның ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын дәйекті бірқатар әрекеттерді жасау арқылы ешқандай ескертпелер мен ерекшеліктерсіз толық көлемде қабылдаған болып есептеледі:
3.3.1. Apple App Store және Google Play Market қолданба дүкендері арқылы Мобильді Қосымшаны өз құрылғысына жүктеп алу/көшіру.
3.3.2. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру, оның ішінде оларды трансшекаралық беруге келісім беру.
3.3.3. Пайдаланушының абоненттік нөміріне Push-хабарлама немесе SMS хабарлама арқылы алынған берілген қауіпсіздік кодын енгізе отырып, мобильдлі телефон нөмірін енгізу арқылы Мобильді қосымшада тіркеуді жүзеге асыру.
3.3.4. Өзінің дербес деректерін енгізу: тегі, аты-жөні, тіркелу мекенжайы.
3.3.5. Төлқұжаттың негізгі беттерін сканерлеуді жүктеу.
3.4. Осы Шарт шеңберінде қызметтер көрсету кезінде Орындаушы Пайдаланушы ұсынған, барлық құжаттар мен ақпараттың түпнұсқалық және шынайы болып табылатындығына, ал Пайдаланушы ұсынған құжаттардағы қойылған қолымен өз қолымен қойылғанына негізделеді.
4. Пайдаланушыны сервисте тіркеу процедурасы. Туристік картаны шығару
4.1. Осы арқылы Тараптар Пайдаланушы Шарттың 3.3-тармағында аталған бірқатар дәйекті іс-әрекеттер жасауын Тараптар тіркеу процедурасы (бұдан әрі – «Тіркеу Процедурасы») деп таниды, соның нәтижесінде Орындаушыға Пайдаланушыны Сервисте тіркеуге өтінім қалыптастырылады деп келіседі.
4.2. Тіркеу Процедурасының нәтижесі бойынша өтінім мақұлдануы, қабылданбауы немесе түзетулер мен толықтырулар үшін Пайдаланушыға қайтарылуы мүмкін. Орындаушының өтінімді қарау мерзімі тиісті өтінім қалыптастырылған сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күнінен аспайды.
4.3. Тіркеу Процедурасы Пайдаланушының уақытша болу еліне байланысты Орындаушының серіктес банкінде KYC (Know Your Client) рәсімінен өту процедурасын қамтиды.
4.4. Орындаушы өтінімді мақұлдаған және Пайдаланушы Сервисте тіркелген жағдайда, Пайдаланушыға туристік карта шығарылады, оны шығару нәтижесінде Пайдаланушыға Сервистің негізгі функционалы – осы Шарттың 4.6 және 4.7-тармақтарында көрсетілген талаптар орындалған жағдайда, уақытша болатын елдердің аумағында үшінші тұлғалардың және (немесе) Серіктестердің тауарларына, жұмыстарына және қызметтеріне ақы төлеу мүмкіндігі қолжетімді болады.
4.5. Аккаунтты іске қосу және Туристік картаның шығуы туралы ақпарат Пайдаланушыға Хабарлама арқылы жолданады.
4.6. Туристік картаны пайдалану үшін Пайдаланушы Мобильді Қосымшада Туристік картаны толықтыру сомасын көрсете отырып, оның теңгерімін орнатуы тиіс. Сонымен қатар, Пайдаланушы осы арқылы Виртуалды картаның лимитін өзгерту жүзеге асырылатын картаны Банк және (немесе) кредиттік ұйым пайдаланушы атына беретініне және Пайдаланушы картаның шотындағы соманы заңды түрде иемденентіне кепілдік береді.
4.7. Әлемдегі цифрлық банкингтің әр түрлі деңгейін және өңірге байланысты Виртуалды картаның техникалық ерекшеліктерін ескере отырып, Мобильді қосымша Пайдаланушы пайдаланатын мобильді құрылғының операциялық жүйелерінің ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде таңдалған, уақытша болу елін ескере отырып, Виртуалды картаны пайдаланудың қосымша мүмкіндіктерін автоматты түрде ұсынады. Барған елде Виртуалды картаны пайдаланудың барынша мүмкіндіктерімен танысу және баптау үшін Пайдаланушы Мобильді қосымшаның «Картаны қалай пайдалану керек» бөліміне өтіп, берілген нұсқауларды орындауы тиіс.
4.8. Туристік картаны кез келген төлем жүйесі (банк картасы, интернет-банкинг) арқылы толықтыру кезінде Пайдаланушы Орындаушының орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін, электронды шот-фактура бермейтінімен келіседі, сондай-ақ Пайдаланушыдан төлем жүйесінің пайдасына комиссия ұстап қалуы мүмкін, ол өз кезегінде, пайдаланылатын төлем жүйелерімен белгіленеді. Бұл ретте Орындаушы төлем жүйелері белгілейтін комиссия үшін жауапты болмайды.
4.9. Сервис төлем қызметтерін жүзеге асыратын ұйым және (немесе) жүйе болып табылмайды, осыған байланысты Виртуалды картаны толықтыру кезінде картадан белгілі бір соманы есептен шығару және Виртуалды картада осы соманы толықтыру төлем ұйымдары және төлем жүйесі туралы заңнаманы реттеу мағынасында ақша қаражатын аудару болып табылмайды, бірақ серіктес компанияның көмегімен олардың азаматтық-құқықтық қатынастары шеңберінде тиісті Қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін, Орындаушы Қызметінің құнын төлеудің нәтижесі болып табылады. Пайдаланушының Туристік картаны алуы серіктес банкте шот ашуды болжамайды. Пайдаланушы Орындаушының серіктес банкімен өзара құқықтар мен міндеттерімен байланысты болмайды.
5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5.1. Орындаушы:
5.1.1. Сервистің тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге.
5.1.2. Пайдаланушыларды техникалық және ақпараттық қолдау қызметінің жұмысын қамтамасыз етуге.
5.1.3. Бағдарламалық және/немесе аппараттық құралдардың жұмысында кідірістер, ақаулар, қателер анықталған жағдайда, ақаулықты жою үшін дереу қажетті шараларды қабылдауға.
5.1.4. Сервиске рұқсатсыз кіру анықталған жағдайда, үшінші тұлғалардың Сервиске араласу қаупі жойылғанға дейін операцияларды тоқтата тұруға.
5.1.5. Жоспарлы профилактикалық жұмыстар шеңберінде Сервис жұмысы тоқтатылған жағдайда, пайдаланушыларды жүргізілетін жұмыстардың уақыты мен ұзақтығы туралы алдын ала хабардар етуге.
5.1.6. Пайдаланушыны осы Шартта белгіленген тәртіппен тіркеуді жүзеге асыруға және Пайдаланушы осы Шарттың белгіленген Тіркеу Процедурасы мен талаптарын сақтаған жағдайда Пайдаланушыға тиісті көлемде Сервис қызметтеріне қолжетімдік ұсынуға.
5.1.7. Пайдаланушы шотының жай-күйі туралы ақпаратты, шоттағы кез келген өзгерістерді және өзге де ақпаратты Шарттың қолданылу мерзімі ішінде және шарт бұзылғаннан кейін бес жыл бойы сақтауға.
5.1.8. Пайдаланушыға Жеке кабинеттегі үш айлық кезеңдегі операциялар тарихына тұрақты қолжетімдікті қамтамасыз етуге.
5.1.9. Пайдаланушының арнайы сұранысы бойынша тиісті сұраныс жіберілген күннен бастап, 5 (бес) жылға дейінгі кезеңде жүргізілген барлық операциялар туралы есепті ұсынуға.
5.1.10. Осы Шартта аталған жағдайларды, сондай-ақ Орындаушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот органдарынан немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардан ресми сұрау салу жіберу жағдайларын қоспағанда, Пайдаланушы беретін ақпараттың құпиялылығын және сақталуын қамтамасыз етуге, оны жария етуге жол бермеуге.
5.1.11. Осы Шарт шеңберінде Қызметтердің тиісті түрде көрсетілуін ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге.
5.1.12. Пайдаланушының сұрақтары бойынша Intercom сервисі арқылы жәнее (немесе) « » мекенжайы бойынша электронды пошта арқылы ауызша және жазбаша консультациялар беруге.
5.1.13. Пайдаланушы өтінім берген сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы өтінімді қарауға және Пайдаланушыға PUSH-хабарламалар мен егжей-тегжейлі хабарлама жіберу арқылы қарау нәтижелерін ұсынуға.
5.1.14. Пайдаланушыдан Туристік карта теңгеріміндегі ақша қаражатының қалдығын немесе ақша қаражаты қалдығының бір бөлігін қайтаруға өтінім алған сәттен бастап, 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Туристік карта лимитін ұлғайту жүзеге асырылған картаның деректемелеріне ақша қаражатын аудару арқылы қайтару жүргізуге міндеттенеді. Өтінімді жолдау Пайдаланушының Жеке кабинетінде «Қаражатты алу» бөлімінде жүзеге асырылады. Бұл қайтару тәсілін Пайдаланушы Туристік карта лимиті ұлғайған күннен бастап 450-ші күннен кешіктірмей пайдалана алады. Көрсетілген мерзімді өткізіп алғанжағдайда, сондай-ақ 5.3.4-тармақта көрсетілген жағдайда, ақшалай қаражатты қайтару Қолдау қызметіне жіберілген тиісті өтінімде көрсетілген, Пайдаланушының банктік шотының деректемелеріне жүзеге асырылады. Банктік деректемелерге қаражатты аудару пайдаланушының есебінен жүзеге асырылады. Осы тармақта көрсетілген жағдайларда ақшалай қаражатты қайтару кезінде сервисті пайдаланғаны үшін комиссия қайтаруға жатпайды.
5.2. Орындаушының міндеттері:
5.2.1. Пайдаланушыға Қызмет көрсетілген.
5.2.2. Орындаушы Пайдаланушыға Туристік картадан ақша қаражатының қалдығын қайтарған сәттен бастап орындалған болып саналады. Осы арқылы Тараптар Орындаушының шотынан ақша қаражатын есептен шығару сәті ақша қаражатын қайтару сәті деп танылатынына келіседі.
5.3. Орындаушы құқылы:
5.3.1. Пайдаланушының тілектерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының және халықаралық юрисдикциялардың талаптарын, сондай-ақ, техникалық мүмкіндіктерді негізге ала отырып, Қызметтер көрсетудің нысандары мен әдістерін дербес айқындауға.
5.3.2. Пайдаланушы осы Шартта көзделген тәртіппен және шарттарда өзгертілген талаптарды акцептеген жағдайда Пайдаланушыға Сайтта және (немесе) Мобильді қосымшада ұсынылған қосымша қызметтерді көрсетуге.
5.3.3. Осы Шарттың 6-тармағына сәйкес көрсетілген Қызметтерге ақы төлеуді талап етуге.
5.3.4. Пайаланушы бұрын енгізген ақшалай қаражатты барлық жұмсалған шығыстарды шегергенде қайтарып бере отырып, кез келген жағдайда өз қалауы бойынша дәйексіз немесе жалған мәліметтер ұсынылған жағдайда Пайдаланушыға Қызмет көрсетуден бас тартуға немесе оларды көрсетуді тоқтата тұруға.
5.3.5. Пайдаланушыдан Қызметтер көрсету үшін қаежтті, кез келген ақпаратты алуға құқылы. Пайдаланушы ақпаратты ұсынбаған немесе толық не дұрыс ұсынбаған жағдайда Орындаушы қажетті ақпарат берілгенге дейін Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды тоқтата тұруға құқылы.
5.3.6. Пайдаланушыға уақытылы және сапалы қызмет көрсету мақсатында кез келген жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін пайдалануға немесе Пайдаланушының келісімінсіз Пайдаланушы алдындағы міндеттемелерді орындау жөніндегі өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге.
5.3.7. Бағдарламалық жасақтамаға түрлендіру жүргізуге және ескірген бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып, Сервиске кіруге тыйым салуға.
5.3.8. Сервистің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тартылған, бағдарламалық және/немесе аппараттық құралдардың жұмысында ақауллықтар, қателер мен іркілістер анықталған жағдайда, сондай-ақ профилактикалық мақсаттарда және Сервиске рұқсатсыз кірудің алдын алу мақсатында бағдарламалық және аппараттық құралдардың жұмысын тоқтата тұруға.
5.3.9. Қажет болған жағдайда және егер бұл Қазақстан Республикасының және (немесе) өзге де халықаралық юрисдикциялардың талаптарымен талап етілсе, осы Шартпен тікелей көзделген жағдайларда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында, сондай-ақ:
5.3.9.1. Осындай куәландыруды қажет ететін қосымша қызметтерді қосу үшін.
5.3.9.2. Орындаушыда Пайдаланушының әрекеттерінің заңдылығына және Сервисті тиісті түрде пайдалануға күмән туындаған жағдайларда.
5.3.9.3. Пайдаланушының іс-әрекеті Орындаушының, Сервистің басқа қатысушыларының немесе үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғайтын өзге жағдайларда Пайдаланушының қажетті деректерін, оның ішінде Пайдаланушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін сұратуға.
5.3.10. Пайдаланушының дербес деректерін алуға және тіркеуге құқылы. Осы арқылы Пайдаланушы Орындаушының оның дербес деректерін, оның ішінде олардың трансшекаралық берілуін жинауға және өңдеуге келісім береді.
5.3.11. Пайдаланушы Сервиске қол жеткізу үшін пайдаланатын бағдарламалық-аппараттық құралдардың конфигурациясы және өзге де сипаттамалары туралы деректерді, сондай-ақ оны пайдалану процесінде Орындаушы автоматты түрде беретін өзге де деректерді кез келген тәсілмен жинауды, сақтауды, өңдеуді және қажет болған жағдайда үшінші тұлғаларға беруді жүзеге асыруға.
5.3.12. Сайтта және (немесе) Мобильді Қосымшада қолжетімді тарифтерге сәйкес Пайдаланушы жүзеге асыратын операциялардың белгілі бір түрлері үшін комиссия алуға.
5.3.13. Орындаушының сұрауы бойынша тиісті түсініктемелер берілгенге дейін келесі жағдайларда Пайдаланушының Жеке Кабинетін бұғаттауға:
5.3.13.1. Сервистің басқа пайдаланушыларынан немесе үшінші тұлғалардан олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын Пайдаланушының әрекеттеріне шағымдардың болуы.
5.3.13.2. Пайдаланушы Сервисті тиісті түрде пайдаланбаған жағдайда.
5.3.13.3. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын әрекеттер жасаған кезде.
5.3.13.4. Осы Шартта және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Пайдаланушыны сәйкестендіру қажеттілігі туындаған жағдайда.
5.3.13.5. Орындаушы Пайдаланушы тарапынан Сервистің бағдарламалық жасақтамасына кез келген өзгерістер енгізу (немесе енгізген) әрекетін анықтаған жағдайда.
5.3.13.6. Пайдаланушы Шраттың өзге де талаптарын бұзған жағдайда.
5.3.13.7. Пайдаланушының Жеке Кабинетінен күдікті операцияларды жүзеге асырған жағдайда, Орындаушы Жеке Кабинетті мониторингке қоя алады және Пайдаланушымен байланыс орнатқанға дейін операцияларды күту режиміне ауыстыра алады. Күдікті операциялар:
5.3.13.7.1. Сервиске қолжетімдік алу үшін proxy-серверлер мени анонимайзерді пайдалану.
5.3.13.7.2. Орындаушының пікірінше, оларды жүргізуге рұқсат берілуіне күдік туғызатын өзге де операциялар.
5.3.13.7.3. Күдікті операцияларды айқындау белгілеріне сәйкес келетін өзге де операциялар, сондай-ақ олардың тәжірибесі мен біліміне сәйкес қаржы мониторингі субъектісінің күдікті лауазымды адамдары таныған операциялар.
5.4. Орындаушы келесі жағдайларда операциялар жүргізуден бас тартуға құқылы:
5.4.1. Егер операциялар қылмыстық жолмен және/немесе операцияның бір тарабы (тараптары) алған кірістерді заңдастыру (жылыстату) мақсатында терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйым немесе тұлға жасалады деп пайымдауға негіз болса.
5.4.2. Пайдаланушы Сервистегі байланыс деректерін дұрыс толтырмаған жағдайда.
5.4.3. Жеке Кабинеттегі ақша қаражатының қалдығынан асатын сомаға төлемді жүзеге асыру әрекеттері.
5.4.4. Орындаушыдла осы Шарттың талаптарына және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) өзге де халықаралық юрисдикциялардың талаптарына сәйкес Пайдаланушының жеке басын анықтау қажеттілігі туындағанда.
5.4.5. Орындаушының еркінен тыс себептер бойынша Сервиспен байланыс орнату мүмкін болмаған жағдайда.
5.4.6. Пайдаланушы Тіркеу Процедурасын өту нәтижесі теріс болғанда.
5.4.7. Операция жүргізу Орындаушыға және (немесе) үшіншгі тұлғаларға залал әкелуі мүмкін, өзге де жағдайларда.
5.5. Пайдаланушы:
5.5.1. Осы Шарттың талаптарын, ал қосымша қызметтер алған кезде – Мобильді Қсымшада және (немесе) Сайтта қолжетімді, тиісті келісімдердің талаптарын орындауға.
5.5.2. Сервисте тіркелу және Тіркеу Процедурасын өту кезінде Орындаушыға шынайы деректерді ұсынуға және олардың толықтығы мен дұрыстығы үшін жауаптылықта болуға.
5.5.3. Өзінің аутентификациялық деректерін және оған Орындаушы операция жүргізу мақсатында берген операция деректерін бермеуге, оның ішінде Жеке Кабинет Пайдаланушысына тиесілі деректерді үшінші тұлғаларға пайдалану мүмкіндігін бермеуге міндеттенеді. Пайдаланушы құпия ақпараттың сақталуына және Пайдаланушының ықтимал немқұрайлылығы, үшінші тұлғалардың қылмыстық қол сұғушылықтары, зиянды бағдарламалардың әрекеттері мен компьютерлік вирустардың шабуылдары және басқа да заңсыз немесе жосықсыз әрекеттер нәтижесінде операция деректерінің таралуына өз басы жауапты екенін растайды.
5.5.4. Пайдаланушының Жеке Кабинетінен оның есепке алу деректерін пайдалана отырып, жасалған кез келген іс-әрекет Пайдаланушының өзі жасаған іс-әрекет болып есептеледі және ол туралы ақпарат Сервисте жарияланатын, тауарлар мен қызметтерге қатысты осы Шартты не заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті қоса алғанда, осындай іс- әрекеттерге қатысты Пайдаланушының құқықтары мен міндеттерінің, сондай-ақ тікелей жауапкершілігінің туындауына әкеп соғады.
5.5.5. Сервиске қол жеткізудің мобильді құрылғысының жұмысқа жарамдылығы мен ақпараттық қауіпсіздігіне тиісті түрде қамқорлық жасауға.
5.5.6. Сервистің бағдарламалық жасақтамасына толықтай немесе бір бөлігінде, өз бетінше немесе үшінші тұлғаларда тарта отырып, өзгерістер енгізуге әрекет етпеуге.
5.5.7. Сервистің көмегімен жасалған электрондық құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарапайым жазбаша түрде жасалған құжаттар ретінде тануға.
5.5.8. Сәйкестендіру деректеріндегі кез келген өзгерістер (неке қию/бұзу салдарынан тегінің өзгеруі және т.с.с.) туралы Орындаушыны дер кезінде хабардар етуге.
5.5.9. Сервисте тіркелу кезінде енгізілген нөмірді пайдалануға ұялы байланыс операторымен шарт бұзылған жағдайда өзінің аутентификациялық деректеріне дер кезщінде өзгерістер енгізуге.
5.5.10. Пайдаланушының келісімінсіз жүргізілген операцияның анықталғаны, Пайдаланушының жеке деректеріне рұқсатсыз қол жеткізілгені, аутентификациялық деректердің жоғалғаны туралы Орындаушыны дереу хабардар етуге.
5.5.11. Тек өзінің Жеке Кабинетін (үшінші тұлғалардың емес, Пайдаланушының аутентификациялық деректерін пайдалана отырып тіркелген жеке кабинетін) толықтыруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
5.6. Пайдаланушыға Сервис арқылы келесі қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады:
5.6.1. Басқа Пайдаланушыға тиесілі Жеке Кабинетті толықтыруға.
5.6.2. Мәмілелер жасау арқылы қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тартуға, сол сияқты аталған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті пайдалануға.
5.6.3. Лаңкестікті (лаңкестік қызметті) қаржыландыруға - лаңкестік қызметті жүзеге асыру үшін лаңкестерге және (немесе) лаңкестік ұйымдарға ақша және (немесе) өзге де мүлік беруге немесе жинауға не қаржылық қызметтер көрсетуге.
5.6.4. Тараптардың бірі лаңкестік пен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген, жеке және (немесе) заңды тұлғалар болып табылатын операция жасауға.
5.6.5. Мробильді Қосымша мен Сервисті пайдаланып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға.
5.6.6. Үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзуға және/немесе оларға кез келген нысанда зиян келтіруге.
5.6.7. Өзін басқа адам ретінде көрсетуге, Орындаушымен өзара әрекеттесу кезінде «телефон нөмірін ауыстыру» технологиясын пайдалануға.
5.6.8. Рұқсатсыз кіруді жүзеге асыру үшін кез келген компьютерлік немесе телекоммуникациялық жабдықтың немесе бағдарламалардың функционалдығын бұзуға, жоюға немесе шектеуге арналған зиянды бағдарламалары немесе басқа компьютерлік кодтары, файлдары немесе бағдарламалары бар кез келген материалдарды, сондай-ақ коммерциялық бағдарламалық өнімдерге сериялық нөмірлерді, Мобильді Қосымшаға және Сервистің өзге де пайдаланушыларының жеке кабинеттеріне рұқсатсыз кіруге, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген ақпаратқа сілтемелерді орналастыруға, логиндер, құпиясөздер мен өзге де құралдарды жүктеуге, жіберуге, беруге немесе кез келген басқа тәсілмен орналастыруға және/немесе таратуға.
5.6.9. Басқа адамдардың дербес деректерін рұқсатсыз жинауға және сақтауға.
5.6.10. Мобильді Қосымшаның қалыпты жұмысын бұзуға.
5.6.11. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын, оның ішінде халықаралық құқық нормаларын өзгеше түрде бұзуға тыйым салынады.
5.7. Пайдаланушы:
5.7.1. Орындаушыға осы Шартта белгіленген тәртіппен, мерзімде және мөлшерде көрсетілетін Қызметтердің құнын уақтылы және толық төлеуге.
5.7.2. Орындаушыға осы Шарттың талаптарын соңғысы орындау үшін қажетті барлық мәліметтер мен деректерді уақтылы ұсынуға.
5.7.3. Орындаушының Қызметтерді қажетті форматта және сапада көрсетуі үшін барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынуға.
5.7.4. Егер бұл міндетті норма клиент Қызмет алатын елмен белгіленген болса, KYC, DD-процесстер жазықтығында өзіне жүктелген барлық құжаттарды беруге және барлық тиісті әрекеттерді жасауға.
5.7.5. Орындаушы осы Шартты орындаумен байланысты, құпия ақпарат пен өзге де деректерді жарияламауға.
5.7.6. Қызметтерді, оның ішінде қосымша қызметтерді алу үшін Сайтта және (немесе) Мобильді Қосымшада көрсетілген байланыстар бойынша тікелей жүгінуге міндеттенеді. Жанжал туғызбаңыз, Орындаушыны шатастырмаңыз.
5.7.7. Өзінің аутентификациялық деректерін, ұсынылатын пин-кодты, оның көмегімен Сервиске рұқсатсыз қол жеткізу немесе пайдалану жүзеге асырылуы мүмкін, Сервис ұсынған өзге де деректерді қорғау жөнінде өз бетінше шаралар қабылдауға міндеттенеді.
5.7.8. Егер оның немесе Орындаушының бұл деректерді ашқан немесе оларға рұқсат етілмеген үшінші тұлғалар пайдалануы мүмкін деп күдіктенуге себептері болса, Пайдаланушы тіркелгі деректерін дереу өзгертуге міндетті.
5.8. Пайдаланушы:
5.8.1. Қызмет көрсетудің тиісті деңгейін ұйымдастыру және қамтамасыз ету мәселелері бойынша Орындаушыдан ақпарат алуға.
5.8.2. Көрсетілетін қызметтің сапасы мен қанағаттанушылығын арттыру, сондай-ақ Орындаушы көрсететін Қызметтер деңгейін жоғарылату мақсатында Орындаушыға жәрдемдесуге.
5.8.3. Орындаушыдан Қызметерді тиісті түрде және уақтылы көрсетілуін талап етуге құқылы.
6. Қызметтердің құны және есеп айырысу тәртібі
6.1. Орындаушының Қызмет көрсетуі өтеулі болып табылады және Пайдаланушының Иуристік картаны толықтыру сомасынан 6% -ды құрайды. Төлем тиісті операцияны жүзеге асыру сәтінде Туристік карта толықтырылатын сомадан тыс Орындаушы Пайдаланушыдан комиссияны ұстап қалу арқылы жүргізіледі.
6.2. Барлық қызметтер инвойс валютасында көрсетіледі. Осы Шарт бойынша қызметтерге ақы төлеу 100% алдын ала төлем негізінде және осы Шартта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
6.3. Пайдаланушы өзі жасаған төлемдердің дұрыстығына дербес жауап береді. Төлем сәті Орындаушының есеп шотына қаражаттың түсуі болып саналады.
6.4. Орындаушының Қызмет көрсеткені үшін комиссия қайтаруға жатпайды және үшінші төлем жүйелерінің, Пайдаланушы банкінің немесе серіктес банктің және т. б. тарифтерін қамтымайды.
6.5. Осы Шарттың қызмет көрсету туралы актісінің күші бар. Қабылдау тиісті актіге қол қоймай жүргізіледі. Қызметтер Туристік карта лимитін толықтыру күні тиісті түрде және толық көлемде көрсетілген болып есептеледі.
7. Пайдаланушының жеке кабинетін бұғаттау және жою
7.1. Мобильді Қорсымшаға кіру үшін кодты алты рет қате терген кезде, оған кіру бұғатталады және бұрын орнатылған код жойылады.
7.2. Сервиске кіру Пайдаланушы Мобильді Қосымшаға тіркелу кезінде көрсетілген мобильді телефон нөміріне, тіркеу парағына енгізу қажет бір реттік кіру құпиясөзіне жолдау арқылы жүзеге асырылады. Ол сәтті енгізілген жағдайда Пайдаланушы мобильді қосымшаға жаңа кіру кодын белгілеуі тиіс.
7.3. Қауіпсіздікті арттыру мақсатында Пайдаланушы Мобильді Қосымшаның тіркелгі жазбасынан өз бетінше шыға алады. Бұл ретте Мобильді Қосымшаға кірудің бұрын орнатылған коды жойылады. Тіркелгі жазбасына кіру үшін Пайдаланушы кіру бетінде Пайдаланушы Мобильді Қосымшаға тіркелу кезінде көрсетілген мобильді телефон нөмірін көрсетуі тиіс. Ол сәтті енгізілген жағдайда Пайдаланушы мобильді қосымшаға жаңа кіру кодын белгілеуі тиіс.
7.4. Пайдаланушының тіркелгі жазбасын жою Қолдау қызметіне дербес деректерді қайтарып алу туралы өтініш жібергеннен кейін мүмкін болады. Бұл жағдайда Пайдаланушының тіркелгі жазбасы осындай өтінішті алған күннен бастап 10 күн ішінде жойылады. Тіркелгі жазба жойылған кезде, қалпына келтіру мүмкіндігінсіз: Пайдаланушының дербес деректері, соның ішінде төлқұжат сканерлері, ұялы телефон нөмірі, сондай-ақ қолма-қол ақшаны толықтыру және есептен шығару тарихы, қолдау қызметіне жүгіну тарихы, Виртуалды карта жойылады.
7.5. Орындаушы Жеке Кабинетті бұғаттауға берілген өтінішті орындағаннан кейін, Орындаушының Жеке Кабинетті одан әрі пайдаланғаны үшін жауапкершілігі, Орындаушыға оның заңсыз пайдаланылғаны Орындаушының келісімімен орын алғаны белгілі болған жағдайларды қоспағанда, тоқтатылады.
7.6. Дербес деректерді кері қайтарып алу туралы өтініш келіп түскен күні Пайдаланушының Виртуалды картасында оң теңгерім болған жағдайда, онда ақшалай қаражатты қайтару Пайдаланушының Виртуалды картасының лимитін ұлғайту жүзеге асырылған картаның деректемелеріне жүзеге асырылады. Егер көрсетілген күнге қайтару картаның қолданылуын тоқтатуға байланысты мүмкін болмаса және бұл ретте Пайдаланушы банктік шот нөмірін ұсынбаған жағдайда, Пайдаланушы шот жойылған күннен бастап 3 жыл ішінде қайтаруға өтініш жасауға құқылы. Бұл ретте Орындаушы комиссиясының сомасы қайтарылуға жатпайды.
8. Тараптардың жауапкершілігі
8.1. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықта болады.
8.2. Пайдаланушы өзінің есептік деректерін үшінші тұлғаларға берген, өз шотына және Сервистегі Жеке Кабинетіне қасақана қол жеткізуді ұсынған немесе Пайдаланушы деректерінің құпиялылығын өзге де тәсілдермен бұзған жағдайда, Орындаушы Пайдаланушы алдында жауапты емес екенін мойындайды.
8.3. Орындаушы Сервистің уақытша жұмыс істемеуі, Орындаушының кінәсінен болмаған, аппараттық немесе бағдарламалық құралдардың жұмысындағы іркілістер мен қателер үшін жауап бермейді және бұл жағдайда Пайдаланушының ықтимал шығындары үшін жауап бермейді.
8.4. Орындаушы Пайдаланушының Сервистің қызмет етуін қамтамасыз ету үшін Интернетке не бағдарламалық немесе аппараттық құралдарға қолжетімділігінің жоқтығы үшін жауапты болмайды және осыған байланысты Пайдаланушының шығындары үшін жауапты болмайды.
8.5. Орындаушы Пайдаланушының Сервистің дұрыс емес мәліметтерін ұсынуы салдарынан болған шығындары үшін жауап бермейді.
8.6. Аутентификациялық деректер жоғалған, Жеке Кабинет бұғатталған, Пайдаланушы Жеке Кабинетті бұғаттайтын құпиясөзді жоғалтқан, немесе салдарын Пайдаланушының жеке басын сәйкестендірусіз жою мүмкін болмайтын өзге де оқиғаларды жоғалтқан жағдайда, Орындаушы Пайдаланушы алдында ықтимал залалдар және Жеке Кабинетті одан әрі пайдалану мүмкін болмауына жауапты болмайды.
8.7. Тараптар өзара міндеттемелерді орындамағаны үшін, егер олардың орындалмауы Шарт күшіне енгеннен кейін туындаған, еңсерілмейтін күш мән-жайларының немесе Шарт жасалғанға дейін алдын алуға немесе болжауға болмайтын төтенше оқиғалардың басталу салдары болып табылған жағдайда жауаптылықтан босатылады. Мұндай төтенше оқиғаларға немесе мән-жайларға, атап айтқанда: ереуілдер, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі және басқа да табиғи апаттар, соғыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдайларды енгізу, эпидемиялар, ресейлік немесе шетелдік мемлекеттік органдардың әрекеттері, сондай-ақ ақылға қонымды бақылаудан тыс, кез келген өзге де мән-жайлар жатады. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары қолданылатын Тарап осы мән-жайлар басталғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей екінші Тарапқа хабарлауға міндетті.
8.8. Орындаушы Пайдаланушыда туындаған, жоғалған пайда үшін, оның ішінде Пайдаланушы осы Шарттың талаптарымен және/немесе осы Шартқа енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен таныспаған және (немесе) уақтылы таныспағанына байланысты жауап бермейді.
8.9. Пайдаланушы тіркелу кезінде көрсеткен ұялы телефон нөмірінің дұрыстығына дербес жауапты болады. Көрсетілген ұялы телефон нөмірі анық болмаған жағдайда, сондай-ақ Орындаушының еркінен тыс себептерге байланысты, өзге де жағдайларда (хабарламаны ұялы байланыс операторы жібермеген, Пайдаланушының ұялы телефон нөмірі бұғатталған және т. б.) Орындаушы Пайдаланушының заңды түрде маңызды хабарламаларды алмағаны үшін жауапты болмайды.
8.10. Орындаушы кез келген басқа веб-сайттар мен қосымшалардың мазмұны үшін жауапкершілікті өз мойнына алмайды және Сайттан немесе Мобильді Қосымшадан гиперсілтемелер жүргізетін, осындай сайттарда болатын мазмұн, өнім немесе қызметтер негізінде пайдалану, немесе іс-әрекеттер нәтижесінде пайда болған қандай да бір залал немесе шығындар үшін жауапты болмайды.
9. Дербес деректерді жинау және өңдеу
9.1. Мобильді Қосымшада тіркеле отырып, Пайдаланушы Орындаушыға және оның уәкілетті өкілдеріне Қызметтерді алу мақсатында тегін, атын, әкесінің атын, туған күні ментуған жерін, пошталық және нақты мекенжайын, телефонын, төлқұжат деректерін қамтитын, автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып, оның ішінде ақпараттық телекоммуникациялық желілерде, немесе ондай құралдарды пайдаланбай, егер дербес деректерді мұндай құралдарды пайдаланбай өңдеу дербес деректермен жасалатын іс- қимылдардың (операциялардың) сипатына сәйкес келсе, яғни берілген алгоритмге сәйкес тіркелген дербес деректерді іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік берсе, материалдық тасымалдағышта және картотекаларда немесе дербес деректердің өзге де жүйеленген жиналыстарында қамтылған, және/немесе осындай дербес деректерге қол жеткізу, сондай-ақ осы дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруге (оның ішінде трансшекаралық), өзінің дербес деректерін өңдеу, жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, жіберу, қол жеткізу), иесіздендіру, бұғаттау, жою, автоматтандыруға келісім береді.
9.2. Келісім осы Шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне және Орындаушы Шарттың қолданылуын тоқтату туралы Хабарлама жіберген жыл аяқталғаннан кейін 5 жыл өткенге дейін беріледі және кез келген сәтте Пайдаланушы Орындаушыға жазбаша хабарлама жіберу арқылы оны кері қайтарып алуы мүмкін.
9.3. Пайдаланушының мобильді құрылғысынан Мобильді Қосымшаға тек Пайдаланушы ғана кіре алады. Қолжетімдікті үшінші тұлғаларға беруге жол берілмейді. Мұндай қолжетімдік беру үшін Пайдаланушы жауаптылықта болады.
9.4. Құпиясөздің және/немесе мобильді құрылғының жоғалуы немесе олардың заңсыз пайдаланылуы анықталған жағдайда, сондай-ақ егер Пайдаланушы осындай жағдайлардың туындау мүмкіндігіне күдіктенген жағдайда, Пайдаланушы бұл туралы Жеке Кабинетті бұғаттау туралы тиісті өтінішті Орындаушының электрондық поштасына жіберу арқылы немесе Қолдау қызметіне қоңырау шалу арқылы Орындаушыны дереу хабардар етуге міндетті. Бұл ретте Пайдаланушы электрондық өтініш жіберген немесе Қолдау қызметіне қоңырау шалған жағдайда: жұмыс күндері Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 16:00-ге дейін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жеке кабинетті бұғаттауға өтінішті осындай өтініш келіп түскен күні Орындаушы орындайды; Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 16:00-ден кейін жұмыс күндері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Жеке Кабинетті бұғаттауға өтінішті Орындаушы келесі жұмыс күні орындайды; демалыс және мереке күндері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Жеке Кабинетті бұғаттауға өтінішті Орындаушы таяудағы жұмыс күні орындайды.
10. Офертаға өзгерістер енгізу тәртібі
10.1. Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуді біржақты тәртіппен Орындаушы жүргізеді. Орындаушы өз бастамасы бойынша осы Шартқа енгізетін өзгерістер мен толықтырулардың күшіне енуі үшін Орындаушы Пайдаланушыға Шарттың жаңа редакциясы мен талаптарын Мобильді Қосымшада және Сайтта орналастыру арқылы осындай өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.
10.2. Пайдаланушы осы Шартқа енгізілетін өзгерістерді өз бетінше қадағалауға міндетті. Осы Шартқа Орындаушы енгізетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Шарттың жаңа редакциясы мен талаптары Мобильді Қосымшада және Сайтта орналастырылған сәтте күшіне енеді.
10.3. Офертаның жаңа редакциясына өзгеше көрсетілмесе, офертаның жаңа редакциясы Интернет желісінде https://ster.me мекенжайы бойынша Орындаушының ресми сайтында немесе «Ster» Мобильді қосымшасында орналастырған сәттен бастап күшіне енеді.
11. Қорытынды ережелер
11.1. Мобильді Қосымшада тіркеле отырып, Пайдаланушы:
11.1.1. Шарттың барлық тармақтарымен, Сервис тарифтерімен толық көлемде танысқанын растайды және оларды алып тастаусыз және ерекшеліктерсіз толық қабылдайды.
11.1.2. Орындаушы және (немесе) үшінші тұлғалар тарапынан және қажет болған жағдайда өзге де де үшінші тұлғалар тарапынан, сондай-ақ Сервистің қызмет етуі мен дамуын қолдау үшін қажетті өзге де жағдайларда, Сервисті пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыру мақсатында Орындаушының дербес деректерді өңдеуге, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, келесі әрекеттерді жасауға, оның ішінде: дербес деректерді жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, тарату (оның ішінде жіберу), иесіздендіру, бұғаттау, жоюды жүзеге асыруға келісім береді.
11.1.3. Банк құпиясын (Жеке Кабинет иесінің ТАӘ қоса алғанда, Жеке Кабинет арқылы жүзеге асырылатын операциялар бойынша ақпаратты) ашуға өзінің шартсыз және қайтарып алынбайтын келісімін береді. Пайдаланушыны Сервисте тіркеу Пайдаланушының банкте өзінің жеке қатысуы кезінде беретін банктік құпияны ашуға жазбаша келісімімен теңестіріледі.
11.1.4. Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер болмайтынын растайды, және Сервисті Пайдаланушылар тек Сервисті кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланбайтын жеке тұлғалар бола алатындығымен келіседі.
11.1.5. Орындаушы Пайдаланушының келісімімен операция деректерін пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалар жасаған іс-әрекеттер және/немесе мәмілелер үшін жауап бермейтінін растайды.
11.2. Осы Шарт белгісіз мерзімге немесе Тараптардың бірі оны бұзған сәтке дейін әрекет етеді.
11.3. Тараптар келісімге қол жеткізбеген кезде осы Шарттан немесе соған байланысты туындаған даулар, келіспеушіліктер немесе талаптар Орындаушының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот органдарында қаралады.