Eng Қаз Рус

Ster құпиялылық саясаты

Бұл Саясат Пайдаланушы келісімінің бөлігі болып табылады, оны қабылдай отырып (оферта акцептін жасай отырып), Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді төменде көрсетілген Құпиялылық саясатында көрсетілген шарттармен өңдеуге келісім бересіз.

Осы Құпиялылық саясаты Ster және/немесе оның үлестес тұлғалары Ster-ді пайдалану кезінде Ster мобильді қосымшасын (бұдан әрі – «Қосымша») кез келген пайдаланушысы (бұдан әрі -«Пайдаланушы» немесе «Сіз») туралы ала алатын дербес деректерге қатысты қолданылады.

Ster-де тіркелу немесе болу арқылы пайдаланушы құпиялылық саясатымен және онда көрсетілген дербес деректерді өңдеу шарттарымен өзінің сөзсіз келісімін білдіреді.

Қосымшаны пайдалану Пайдаланушының осы Саясатпен және онда көрсетілген, пайдаланушы құрылғысынан алынған ақпаратты өңдеу шарттарымен сөзсіз келісуін білдіреді. Саясатпен келіспеген жағдайда пайдаланушы қосымшаны пайдаланудан бас тартуы тиіс.

1. Ақпаратты кім өңдейді

Осы Құпиялылық саясаты пайдаланушылардан деректерді алатын және осы Құпиялылық саясатына сілтемесі бар «СТЭР» ЖШҚ, мекен-жайы бойынша орналасқан: Ресей Федерациясы, Мәскеу қ., ИНН: 7728427111 (бұдан әрі «Ster» немесе «Біз») компаниясының қосымшаларына қолданылады. Ол осы құпиялылық саясатын қамтымайтын және оған сілтемелері жоқ Ster веб-сайттарына, сондай-ақ өзінің Құпиялылық саясаты бар веб-сайттар мен қосымшаларға қолданылмайды.

Ster өңдеу кезінде сіздің барлық дербес деректеріңізді қорғауды қамтамасыз етуге ұмтылады. Осы Құпиялылық саясатын жүйелі түрде қарауға кеңес береміз, себебі ол заңнамадағы түзетулерге немесе біздің ішкі процестеріміздегі өзгерістерге сәйкес жаңартылуы мүмкін. Біз осы Саясатқа Қосымшада және/немесе веб-сайтта Саясаттың жаңа редакциясын орналастыру арқылы өзгерістер енгізуге құқылымыз. Саясаттың өзекті редакциясымен өз бетінше танысу міндеті пайдаланушыға жүктеледі.

2. Дербес деректермен жасалатын әрекеттер

Автоматтандыру құралдарының көмегімен Сіздің дербес деректеріңізді өңдеу барысында біз: жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, жіберу (тарату, ұсыну, қол жеткізу), иесіздендіру, бұғаттау, өшіру, жою сияқты әрекеттерді жүзеге асырамыз.

3. Ster Сіз туралы қандай деректер жинайды

Ster деректерді келесідей тәсілмен алады:

3.1. Сіз ұсынатын және ster-ге тіркеу үшін қажетті деректер:

3.2. Шотты толықтыру үшін Сіз ұсынатын деректер. Бұл деректер ster-де өңделмейді және сақталмайды, бірақ тікелей эквайрингке жіберіледі:

3.3. Қаражатты қайтару үшін Сіз ұсынатын деректер:

3.4. Stеr-мен өзара әрекеттесу кезінде автоматты түрде берілетін ақпарат:

3.5. Қосымшаны пайдалану кезінде Пайдаланушы құрылғысынан алынуы мүмкін ақпараттың құрамы және оны алу мақсаты:

3.6. Пайдаланушы келісімі бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында Ster сұратқан, қосымша деректер. Атап айтқанда, Ster Сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттың немесе аты-жөні, фотосуреті бар басқа құжаттың көшірмесін, сондай-ақ сәйкестендіру үшін қажетті және жеткілікті болып табылатын және үшінші тұлғалардың құқықтарын теріс пайдалану мен бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік беретін басқа да қосымша ақпаратты сұрата алады.

4. Талдау құралдары

Ster пайдаланушы белсенділігін зерделеу үшін Google Analytics пайдаланады.

Біз Google Analytics пайдаланамыз, ол біздің веб-сайтты үнемі оңтайландыру үшін Google Inc., Амфитеатр Паркуэй, Маунтин-Вью, Калифорния 94043, АҚШ (бұдан әрі «Google») веб-талдау құралы болып табылады. Google Analytics cookie файлдарымен жұмыс істейді және біздің веб-сайтты пайдалануды талдауға мүмкіндік беретін бүркеншік атпен пайдалану профильдерін жасайды. Осындай cookie файлдарында сақталған ақпарат (мысалы, браузердің түрі/нұсқасы, қолданылатын амалдық жүйе, реферер URL-мекенжайы, қолжетімдік алатын хост компьюетр атауы, серверге сұрау салу уақыты), әдетте Google серверлерінде тасымалданады және сақталады. Сіз сондай-ақ http://tools.google.com/dlpage/gaoptout?hl=ru. Браузерді өшіру баптауын жүктеп, орната аласыз. Қосымша ақпаратты: https://www.google.com/intl/ru/policies/privacy/ Google құпиялылық саясатында қараңыз.

5. Дербес деректерді өңдеу мақсаттары

Ster Сіздің дербес деректеріңізді Пайдаланушы келісімін орындау мақсатында өңдейді. Аиап айтқанда, дербес деректер келесі мақсаттарда пайдаланылады:

6. Сіздің дербес деректеріңізді өңдеу үшін құқықтық негіздер

Біз Сіздің жеке деректеріңізді, егер:

7. Ster деректерін қорғау принциптері

Ster өз қызметін дербес деректерді өңдеуді барынша азайтатындай етіп жасайды. Кейбір жағдайларда біз сіздің жеке деректеріңізді қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес үшінші тұлғаларға беруге мәжбүр боламыз.Бұл, мысалы, қылмыс жасалды деп күдіктенуге негіз болған кезде немесе біздің веб- сайт пен мобильді қосымша дұрыс пайдаланылмаған кезде болады.

Осы Саясат тек Қосымшаға қолданылады. Пайдаланушы үшінші тарапқа берген ақпаратты (оны берудің салдарын), егер мұндай беру пайдаланушы Қосымшадан сілтемелер бойынша өтуі мүмкін үшінші тараптың ресурсында орындалған жағдайда, біз бақыламаймыз және жауапты емеспіз.

Белгілі бір қызметтер көрсету үшін біз үшінші тұлғаларды тарта аламыз. Егер мұндай тұлғаларға дербес деректерге қол жеткізу қажет болса, біз мұндай қолжетімділіктің тиісті қызметтерді көрсету үшін қажетті көлемде шектелгенін қадағалаймыз. Сонымен қатар, мұндай сыртқы қызмет көрсетушілер қолданыстағы деректерді қорғаудың барлық қағидаларын өз бетінше орындауы тиіс.

Осы Саясатта баяндалған мақсаттар үшін біз құпиялылық туралы тиісті келісімдер жасасқан серіктестерді Пайдаланушының ақпаратын өңдеу үшін тарта аламыз. Қосымшаның қызметін жақсарту мақсатында Қосымшаны пайдалану туралы иесіздендірілген деректерді серіктестерге беру серіктестермен жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады.

Сіздің жеке басыңызды тексеру және растау үшін, сондай-ақ виртуалды картаны шығару мақсатында, Сіздің жеке деректеріңіз ster мен пайдаланушы арасында жасалған, Пайдаланушы келісіміне сәйкес мәнді анықтайтын пайдаланушы келісімі шеңберінде қызметтерді орындау мақсатында ғана үшінші тұлғаларға берілуі мүмкін.

Біз пайдаланушының ақпаратын үшінші тұлғалардың заңсыз қол жеткізуден, пайдалануынан, көшіруінен және таратуынан қорғау үшін бізге байланысты барлық ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдаймыз.

Пайдаланушы ақпараты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік органдарға берілуі мүмкін.

8. Алушылар және деректерді берудің құқықтық қоры

Біз қолжетімдік шектеулері туралы ақпаратты тек келесідей тәсілмен ашамыз.

9. Сіздің дербес деректеріңіз қайда сақталады және өңделеді

Сіздің дербес деректеріңіз Ресей Федерациясында және/немесе ЕЭА-да сақталады.

Ресейлік пайдаланушылар үшін: Ster Ресей Федерациясының аумағында орналасқан дерекқорды пайдалана отырып, Ресей Федерациясы азаматтарының дербес деректерін жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), алуды жүзеге асырады.

ЕЭА НЕМЕСЕ ШВЕЙЦАРИЯ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ ҮШІН: РЕСЕЙ ЕУРОПАЛЫҚ КОМИССИЯ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУДЫҢ БАРАБАР ДЕҢГЕЙІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ РЕТІНДЕ МОЙЫНДАМАҒАН, ЕУРОПАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАН ТЫС ЮРИСДИКЦИЯ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. СОНДЫҚТАН Ster МҰНДАЙ БЕРУДІҢ ЕО ДЕРЕКТЕРІН ҚОРҒАУДЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ҚАҒИДАЛАРЫНА СӘЙКЕС ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ТИІСТІ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАЙДЫ. АТАП АЙТҚАНДА, Ster РЕСЕЙГЕ БЕРІЛЕТІН, СІЗДІҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ҚОРҒАУДЫҢ БАРАБАР ДЕҢГЕЙІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ЕУРОРПАЛЫ КОМИССИЯ БЕТКІТКЕН, СТАНДАРТТЫ ШАРТТЫҢ ТАЛАПТАРҒА СҮЙЕНЕДІ. МҰНДАЙ СТАНДАРТТЫ ШАРТТЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ КӨШІРМЕСІН СҰРАУ БЕРУ АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ.

Еуропалық парламент пен Еуропалық Одақ Кеңесінің «Дербес деректерді өңдеу кезінде жеке тұлғаларды қорғау туралы және осындай деректердің еркін айналымы туралы, сондай-ақ 95/46/ЕО директивасының күшін жою туралы» N 2016/679 регламентіне сәйкес. Онда «дербес деректер» термині сәйкестендірілген жеке тұлғаға қатысты кез келген ақпаратты да білдіреді, бірақ бұл термин былайша егжей-тегжейлі ашылады:

«Сәйкестендірілетін тұлға – бұл тікелей немесе жанама түрде, атап айтқанда, аты-жөні, сәйкестендіру нөмірі, орналасқан орны туралы ақпарат, онлайн идентификатор сияқты идентификаторлар арқылы немесе аталған жеке тұлғаның физикалық, психологиялық, генетикалық, ақыл-ой, экономикалық, мәдени немесе әлеуметтік сәйкестілігіне тән бір немесе бірнеше белгілер арқылы анықталуы мүмкін адам».

10. Сіздің дербес деректеріңізді сақтау мерзімі

Ster Сіздің дербес деректеріңізді ол жиналған мақсатқа жету үшін немесе заңнама мен нормативтік актілердің талаптарын сақтау үшін қажет болғанша сақтайды.

11. Сіздің құқықтарыңыз және оларды дербес деректерге қатысты іске асыру тәсілдері

Сіздің дербес деректеріңізге қатысты келесі құқықтарыңыз бар:

Ақпарат алу құқығы. Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді қалай пайдаланатынымыз және Сіздің құқықтарыңыз туралы анық, айқын және түсінікті ақпарат алуға құқығыңыз бар.

Қолжетімдік құқығы. Бұл құқық біз өңдейтін дербес деректердің көшірмесін алуға және оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес өңдейтінімізді тексеруге мүмкіндік береді.

Өзгерістер енгізу құқығы. Сіз «Менің профилім» бөлімінде өзіңіздің дербес деректеріңізге өзгертулер енгізу туралы сұранысты жібере аласыз. Өңдеуді шектеу құқығы. Бұл құқық сіздің дербес деректеріңізді өңдеуді, мысалы, олардың дәлдігін немесе өңдеу себебін анықтағанымызды қаласаңыз, тоқтата тұруды сұрауға мүмкіндік береді.

Деректердің тасымалдану құқығы. Сіз бізден өзіңіздің дербес деректеріңізді тасымалдауды сұрай аласыз. Біз сізге немесе сіз таңдаған үшінші тарапқа сіздің жеке деректеріңізді құрылымдық стандартты машинада оқылатын форматта ұсына аламыіз.

Қарсылық білдіру құқығы. Егер мұндай өңдеу біздің заңды мүдделерімізге сәйкес келсе, Сіз кез келген уақытта дербес деректеріңізді өңдеуге қарсылық білдіре аласыз.

Деректерді қорғауға берген келісімді қайтарып алу құқығы. Егер сіз келісіміңізді қайтарып алсаңыз, біз сізге веб-сайтымыздың белгілі бір мүмкіндіктеріне қол жеткізе алмаймыз. Бұл жағдайда және сіздің келісіміңізді қайтарып алу кезінде ол туралы сізге хабарлаймыз.

Шағыммен жүгіну құқығы. Біздің деректерді және құпиялылықты қорғау әдістерімізге шағымдану үшін сіз өз еліңіздің деректерді қорғау жөніндегі органға жүгінуге құқығыңыз бар.

Cookie файлдарын өшіру құқығы. Егер сіз біздің веб-сайттарымыз орнатқан, барлық cookie файлдарын шектегіңіз немесе бұғаттағыңыз келсе, тиісті веб-сайтта қол жетімді құралды пайдаланыңыз немесе браузер параметрлерін қалай басқару керектігін білу үшін өз браузеріңіздің анықтамасына жүгініңіз.

Ұмыту құқығы. Бұл құқық сіздің деректеріңіз қандай да бір себептермен өзіңізге зиян тигізуі мүмкін болса, Ster-ден деректерді жою үшін қолдау сұрауға мүмкіндік береді. Бұл ескірген, орынсыз, толық емес, дәл емес немесе артық деректерге немесе уақыт өте келе сақтаудың заңды негіздері жоғалып кеткен ақпаратқа қатысты. Бұл құқық белгілі бір жағдайларда жүзеге асырылады, және өз кезегінде Ster Сіздің деректеріңізді талап етілген мақсаттарға сәйкес қажет болған жағдайда ғана пайдалану үшін қажет нәрсенің бәрін жасайды.

Егер сіз осы құқықтарды пайдаланғыңыз келсе, кез келген уақытта support@me сайтына жаза аласыз. Біз барлық заңды өтініштерге 30 күн ішінде жауап береміз.

БҰЛ РЕТТЕ СІЗДІҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ӨҢДЕУГЕ БЕРГЕН КЕЛІСІМІҢІЗДІ ҚАЙТАРЫП АЛУ НЕМЕСЕ ҰМЫТУ ҚҰҚЫҒЫН ІСКЕ АСЫРУЕСЕПТІК ЖАЗБАНЫ ЖОЮҒА ӘКЕП СОҒАДЫ, БҰЛ БОЛСА ster ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІН ШЕКТЕЙДІ. Жоғарыда көзделген құқықтар заңнама талаптарына сәйкес шектелуі мүмкін.

12. Құпиялылық саясатын өзгерту

Ster осы Құпиялылық саясатына өзгерістер енгізуге қүқылы. Құпиялылық саясатының жаңа редакциясы, егер Саясаттың жаңа редакциясында өзгесі көзделмесе, ол орналастырылған кезден бастап қолданысқа енеді.

13. Кері байланыс

Саясатқа қатысты сұрақтарды немесе ескертулерді support@ster.me электронды поштаға жіберуге болады.